Одоакр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Одоакр, Одеакор (431 жылы шыққан – 15.3.493, Равенна) – ғұн қолбасшысы. 469 жылдан ғұндарға қоса германдардың герул, скир тайпаларына билік жүргізді. Батыс Рим империясының құрамына кірген жалдамалы герман жасақтарын басқарды.[1] 472 жылы 11 шілдеде Рицимир мен Одоакрдың әскерлері Рим қаласын басып алды. 476 жылы 23 тамызда батыс римдік соңғы император Ромулды тақтан түсіріп, билікке келді. Бұл оқиға, яғни Батыс Рим империясының құлауы Еуропа елдері тарихнамасында ежелгі заман тарихиның аяқталған кезі болып есептеледі. 493 жылы Солтүстік Италияға басып кірген остготтардың билеушісі Теодорихтің қолынан қаза тапты. Аттила туралы жазылған тарихи және әдеби шығармаларда Одоакр оның шәкірті және ізбасары ретінде баяндалады.[2]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Вайнштейн О.Л., Этническая основа государств Одоакра и Теодориха, М., 1982
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |