Оп-арт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Оптикалық өнер (оп-арт- қысқартылған версиясы) - жазық және кеңістіктегі фигуралардың ерекше әсеріне негізделген, әртүрлі оптикалық иллюзияларды қолданылатын, XX ғасырдың екінші жартысындағы бейнелеу өнерінің ағыны.

Оп-арт техницизмнің(модернизмнің бір түрі) рационалды желісін жалғастырушы. Оп-арттың негізін қалаушы- Виктор Вазарели. Оп-арт ағыны XX ғасырдың 50-жылдары абстракционизм жанрының ішінде пайда болды және 60-жылдары танылды. Негізінде, оп-арт ағынындағы алғашғы өнер туындыларының шығуы XIXғ. соңында басталған. 1889 жылы «Das neue Universum»-де неміс профессоры Томпсонның ақ-қара түстерді пайдаланып, бейненің қозғалып тұрғанындай әсер қалдырғаны туралы жазылған мақала шыққан. Томпсонның суретіндегі дөңгелектер айналғандай, ал, шеңберлер бір-біріне төгіліп жатқандай әсер қалдырды. Бірақ, бұл өнер емес, көздің көру қабілетін зерттеудегі жұмыс болатын. 1955 жылы Денис Рен Парижде өз галереясындаоп-арт жанырындағы өнер туындыларын қойды. Бірақ, оп-арт жанры әлемге тек 1965 жылы Нью-Йоркте заманауи музейде өткен «Сезімтал көз» атты көрмеден кейін танылды.

Оптикалық иллюзиялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оптикалық иллюзия- жалпақ және кеңістік фигураларының ерекшеліктеріне негізделген көз иллюзиялырының өнері. Оптикалық иллюзия бастапқы кезден көру жүйесінің қабылдауында орын алады: сурет тек қана қағаз бетінде емес, көрерменнің көзінде де, миында да болады. Оптикалық иллюзиялар адам көз жүйесінің бейнені қабылдау заңдылықтарын анықтауға көмектескендіктен психологтар оған көп көңіл бөлген. Олар жасаған визуалды тесттер эксперименттерге ұқсас болды. Шын объектілерді қабылдаған кезде иллюзиялар жиі туындамайды. Сондықтан, адам перцепциясының жасырын механизмдерін анықтау үшін, көзді әртүрлі жағдайларда сынау және оған әртүрлі тапсырмаларды орындату керек болды. Гештальтпсихология графикалық бейнелері сияқты суреттер көз жүйесінің қабылдау принциптері туралы заңдылықтарды ашуға көмектесті.

Бриджит Райли

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оптикалық иллюзиялар туралы ашылған жаңалықтарды суретшілер өз мақсатында қолданған. Мысалы, Бриджит Райлидің “Поток” картинасының бетін жіңішке, толқынды линиялар қаптап жатыр. Каринаның ортасына қарай толқын иірімдері күштірек болып, бөлініп бара жатқан тұрақсыз ағын көрінеді. Оның “Катаракта-ІІІ” жұмысында толқындардың қозғалыс эффектісі көрінеді. Сонымен қатар, өзінің көптеген жұмыстарында оптикалық иллюзияны қолданған.

Оп-арт және оның қабылдануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оп-арт жанрының басты мақсаты- көзді алдап, мүмкін емес образды шақыру. Визуалды карама-қайшы конфигурация шын форма мен көрініп тұрған форма арасында конфликт тудырады. Оп-арт адам копцепциясына қарсы жүреді. Психологтардың зерттеулері адамның көзі шашылып жатқан бейнелерді қарапайым системаға біріктіріге тырысатындығын көрсетті(гештальт). Вазарелидің “Сверхновые” жұмысында екі бірдей, әрі, контрастты денелер қозғалатын жарық әсерін туғызады, сурет бетіндегі тор алыстайды да қатып қалады. Ал, шаршылар мен шеңберлер жоғалады да, әртүрлі нүктелерде пайда болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Op art