Синестезия
Синестезия (гр. synaisthesis — қосарласқан түйсік) — тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуін тітіркендіргенде оған тән түйсіктермен қатар басқа сезім мүшелеріне де тән түйсіктердің пайда болуы. Мысалы, кейбір адамдар бір дыбыс естігенде бұған қоса әртүрлі дәм мен түстерді де сезінуі мүмкін. Енді басқалары сары түсті заттарды көргенде жылылықты қоса сезінеді де, ал көк, жасыл түсті көргенде — суықты сезінгендей болады. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесетін бұл құбылыс өмірде жиі кездеспейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі болып табынады. Мысалы, кейбір адамдарда есту түйсіктерімен қатар көз алдарына көптеген бейнелер пайда болады. Алайда бұл психологиялық ауытқуларға жатпайды.
Түрлі-түсті есту — адамның естіген дыбысының белгілі бір түске ұқсатып, соны елестетуі. Көп музыканттар мен композиторларда әр үндестілік түспен байланысты болады. Керісінше, яғни түсті көргенде дыбысты есту әбден мүмкін. Мысалы, жапон пианисті және композиторы Хироми Уэхара оқу кезінің өзінде нақты музыкалық терминдерді емес, тек түс сипаттамасымен ғана ойнаған: "Қызылмен ойна" - темперамент көрсету керек болған жағдайда, "Көкті ойна" - қайғы-мұңды көрсету қажет болған жағдайда. Пианисттің айтуы бойынша, ол музыка жазғанда арнайы музыкалық тәсілдерді қолданбайды, Хироми Уэхара оларды (дыбыстарды) елестетуге тырысады.
Есту синестезиясы — кейбір адамдардың шын мәнінде ешқандай дыбыс болмаса да, қозғалатын денелер мен жарқылдардың "дыбыстарын" есту. Бұл түр Калифорниялық технология институтынан Мелисса Саэнс және Кристоф Кох атты американдық ғалымдармен ашылды.
Дәм синестезиясы — әртүрлі сөздер мен бейнелерден туындайтын адамның дәм сезуі. Мысалы, "медаль" сөзін естігенде металл дәмін сезу, сүйікті өлеңінді тыңдағанда шоколадтың дәмінің келуі және т.б.
Синестезия феномені ғылымға 300 жылдан аса уақыт белгілі. Оған деген қызығушылық XIX және XX ғасырларда өрістеді. Ол кездерде сезімдердің араласумен тек дәрігерлер ғана емес, өнер адамдары да қызықты. Міне, осылай 1915 жылы Александр Скрябиннің "Прометейінде" жарық партиясын орындау үшін арнайы музыкалық аспап даярланды. 1970-жылдарда "музыка+жарық" іспеттес концерттер өте танымал болды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]¶ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
¶ Córdoba M.J. de, Hubbard E.M., Riccò D., Day S.A., III Congreso Internacional de Sinestesia, Ciencia y Arte, 26-29 Abril, Parque de las Ciencias de Granada, Ediciones Fundación Internacional Artecittà, Edición Digital interactiva, Imprenta del Carmen. Granada 2009. ISBN 978-84-613-0289-5
¶ Córdoba M.J. de, Riccò D. (et al.), Sinestesia. Los fundamentos teóricos, artísticos y científicos, Ediciones Fundación Internacional Artecittà, Granada 2012. ISBN 978-84-939054-1-5
¶ Cytowic, R.E., Synesthesia: A Union of The Senses, second edition, MIT Press, Cambridge, 2002. ISBN 978-0-262-03296-4
¶ Cytowic, R.E., The Man Who Tasted Shapes, Cambridge, MIT Press, Massachusetts, 2003. ISBN 0-262-53255-7. OCLC 53186027
¶ Marks L.E., The Unity of the Senses. Interrelations among the modalities, Academic Press, New York, 1978.
¶ Riccò D., Sinestesie per il design. Le interazioni sensoriali nell’epoca dei multimedia, Etas, Milano, 1999. ISBN 88-453-0941-X
¶ Riccò D., Sentire il design. Sinestesie nel progetto di comunicazione, Carocci, Roma, 2008. ISBN 978-88-430-4698-0
¶ Tornitore T., Storia delle sinestesie. Le origini dell’audizione colorata, Genova, 1986.
¶ Tornitore T., Scambi di sensi. Preistoria delle sinestesie, Centro Scientifico Torinese, Torino, 1988.
¶ Исследование детей с графема-цветовой синестезией
¶ Сайт сетевого сообщества синестетов: новости и наука о синестезии, синестезия в искусстве, исследование связи произвольной и непроизвольной синестезии, антропология синестезии
¶ Что такое синестезия: мифы и реальность — Опубликовано в «Leonardo Electronic Almanac», v.7, 1999 , N 6
¶ Синестезиограф
¶ Психология цвета: синестезия
¶ Обзор практик цветовой синестезии
¶ Психолог Владимир Леви о феномене синестезии в своем проекте «Жизневедение в Вопросах и Ответах».
¶ Domański J., Мультимедийный опрос выявляющий реакции на звуково-изображенные сигналы