Социал-Демократиялық партия (Қырғызстан)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қырғызстан социал-демократиялық партиясы
қыр. Кыргызстан социал-демократиялык партиясы
орыс. Социал-демократическая партия Кыргызстана
қыр. КСДП
орыс. СДПК
Логотипі
Басшысы

Сейіт Атамбаев

Құрылған жылы

1 қазан 1993 жыл

Таралған жылы

2020 жыл (де-факто)[1]

Штаб-пәтері

Бішкек, Қырғызстан

Идеологиясы

Социал-демократия
Демократиялық социализм

Интернационалы

Социалистік интернационал

Жоғарғы Кеңестегі орындары
0 / 90

Қырғызстан Социал-Демократиялық партиясы (қыр. Кыргызстан социал-дeмoкратиялык пaртиясы) немесе КСДП (орыс. СДПК) — Қырғызстан саяси партиясы. 1993 жылы 1 қазан күні құрылғанымен, тек 1994 жылы 16 желтоқсан күні ғана тіркелді. Әбдіғани Еркебаев партияның тұңғыш төрағасы болды. 1999 жылы оның ізбасары Алмазбек Атамбаев болды.

Партия мүшелері арасында басқа да экс-президенттер болған еді: 2017 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Сауранбай Жиенбеков және президент қызметін атқарушы Роза Отынбаева. Қызғалдақ төңкерісінде партия белсенділігі маңызды рөл атқарды.

2020 жылы партия мүшелері Жиенбеков пен Атамбаевтың түсінішпеушіліктері нәтижесінде Қырғызстан Социал-демократиялық партиясы де-факто түрде ыдырады. Оның мүшелері Жиенбековті қолдайтын Бірлік партиясы және Атамбаевты қолдайтын Социал-Демократтар партиясы болып бөлінді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]