Қырғызстан президенті
Қырғыз Республикасының Президенті қыр. Кыргыз Республикасынын Президенти | |
Президенттік штандарты | |
Басқару түрі | |
---|---|
Ресми резиденциясы | |
Кандидатура ұсынылады |
Тікелей сайлау |
Өкілеттігінің мерзімі |
5 жыл, бір рет қайта сайлана алады |
Айлығы |
жыл сайын 1,281,609 сом |
Лауазым пайда болды |
27 қазан 1990 |
Алғашқысы | |
Сайты |
Қырғызстан Президенті, ресми атауы Қырғыз Республикасының Президенті (қыр. Кыргыз Республикасынын Президенти) — Қырғыз Республикасының елбасы және үкімет басшысы. Президент үкіметтің атқарушы билігін басқаруымен қоса Қырғыз Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып келеді.
Қырғызстан конституциясы бойынша президент — "халықтың бірлігінің және үкімет билігінің символы" және "Қырғыз Республикасы Конституциясының кепілімен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды". Бір азамат Қырғыз Президенті болып екі реттен көп сайлана алмайды. Қырғыз Президенті тек елде жалпы кеміне 15 жыл тұрған, мемлекеттік тілде сөйлей алатын, жасы 35-тен кем емес және 70-тен артық емес азаматтар ғана бола алады.
Қазіргі қызметтегі Қырғыз президенті — Мекенчил партиясымен ұсынылған Садыр Жапаров.
Қызметі және құқығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қырғызстан Президентінің құқығында:
- Премьер-Министрді және басқа үкімет қызметкерлерін тағайындау
- Жоғарғы Сот ішінде Парламентке үміткерлер ұсыну
- Сыртқы саясатты басқару
- Заң ұсыну, қабылдау
- Барлық сайлаулардың өткізілуін және декреттер жариялап отыру
- Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болу бар.
Президент тағайындайтын қызметкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қырғызстан премьер-министрі
- Министрлер Кабинеті
- Басты Прокурор
- Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы
- Шекара Қызметінің төрағасы
- Кеден Қызметінің төрағасы
- Сот-сараптама Қызметінің төрағасы
- Жаза атқару Қызметінің төрағасы
- Экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметінің төрағасы
- Қырғыз Республикасының Ұлттық Банкының төрағасы
- Қарулы Күштерінің бас штабы
- Түрлі Қарулы Күштер тармақтарының коммандирлері
- Жоғарғы Сот мүшелері
- Президент Администрациясының Басшысы
- Баспасөз хатшысы
- Қырғызстан Елшілері
Президенттер тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пр# | Мерз# | Аты | Суреті | Тағайындалды | Қызметінен кетті | Саяси партиясы |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 1.
1991 |
Aсқар Ақайұлы Ақаев (1944–) |
27 Қазан 1990 | 29 Қазан 1995 | Партиясыз | |
2
1995 |
29 Қазан 1995 | 29 Қазан 2000 | ||||
3.
2000 |
29 Қазан 2000 | 24 Наурыз 2005 (қуылды) | ||||
– | Исенбай Дүйсенбіұлы Қадырбеков (Уақытша) (1949–) |
24 наурыз 2005 | 25 наурыз 2005 | Партиясыз | ||
– | Құрманбек Сәлиұлы Бәкиев (1949–) |
25 Наурыз 2005 | 14 Тамыз 2005 | Партиясыз | ||
2 | 4.
2005 |
14 Тамыз 2005 | 15 Қазан 2007 | Қырғызстан Халық Қозғалысы | ||
(2) | 15 Қазан 2007 | 23 Шілде 2009 | Ақ Жол | |||
5.
2009 |
23 шілде 2009 | 7 сәуір 2010 (қуылды) | ||||
– | Роза Исаққызы Отынбаева (1950–) |
7 Сәуір 2010 | 3 Шілде 2010 | Социал-Демократиялық | ||
3 | 3 шілде 2010 | 1 желтоқсан 2011 | ||||
4 | 6.
2011 |
Алмазбек Сәрсенұлы Атамбаев (1956–) |
1 желтоқсан 2011 | 24 қараша 2017 | Социал-Демократиялық | |
5 | 7.
2017 |
Сауранбай Шәріпұлы Жиенбеков (1958–) |
24 қараша 2017 | 15 қазан 2020 (қуылды) |
Социал-Демократиялық партия | |
– | Садыр Нұрғожаұлы Жапаров (1968–) |
16 қазан 2020 | 14 қараша 2020 | Мекенчил | ||
– | Талант Тұрдымаматұлы Мамытов (1976–) |
14 қараша 2020 | 27 қаңтар 2021 | Қырғызстан | ||
6 | 8. 2021 |
Садыр Нұрғожаұлы Жапаров (1968–) |
28 қаңтар 2021 | Қазіргі | Мекенчил |