Қат-қабаттылық (қабаттастық) типтері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әр түрлі сипаттары тұрғысынан дараланатын қат-қабатталу (қабатталу) топтары:
1) қабатшықтардың және олардың жиынтықтарының пішініне қарай - қиғаш, толқын тұрқылас, көлбеу бағытта астасқан (көбінесе), қиғаш толқынды және жайпақ толқынды (сирегірек) қат-қабаттар;
2) созылу ұзындығына байланысты - толассыз созылатын, үзік-үзік созылатын және ұзақ созылмайтын қат-қабаттар;
3) көрініс беру анықтығына қарай - өте анық байқалатын, анық емес (жасырын, көмескі, бұлыңғыр) қат-қабаттар (қабаттар);
4) масштабы жағынан - өте ірі, ірі, ұсақ, майда қат-қабаттар және микро қат-қабаттар;
5) құрылысының күрделілігі жағынан - қарапайым және күрделі қат-қабаттар;
6) қабатшықтар астасуының біркелкілілігі тұрғысынан — біркелкі астасқан, астасу сипаты нақтылы бағытта өзгеретін және ретсіз астасқан қат-қабаттар;
7) қалыптасу механизміне қарай — ағыс әсерінен қалыптасқан, толқын әсерінен қалыптасқан, жүзгін есебінен| қалыптасқан және ұйық есебінен қалыптасқан қат-қабаттар (қабаттар);
8) шөгінді қалыптасуының фациялық сипаты тұрғысынан қат-қабаттылықтың бірнеше типтері дараланады, олар - өзен арнасында, оның жайылмасында, теңіз түбінің ағынды белдемінде, жағажайда, көтерілу-қайту жағалауында т.с.с. қаыптасқан қат-қабат типтері.
Қат-қабатталу ылғи да шөгіндінің түзілімдену сатысында жүзеге асады, алайда осылайша қалыптасқан қат-қабаттар сол түзілім душар болған болашақ процестер нәтижесінде бұрынғыдан да айқындала немесе керісінше, көмескілене түсуі ықтимал.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0