Қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қаған — хандардың ханы, бас хан деген ұғымды білдіреді — ерте түрік мемлекеттерінің басшысы. Түрік, батыс және шығыс түрік, Түргеш, Қимақ секілді қағандықтарды басқарған. Ол жоғарғы билеуші, әскербасы болды. Оған белгілі бір тайпа өкілдері сайланған. Қағандықтағы жоғары лауазымдарға қаған өз туыстарын тағайындап, соларға арқа сүйеп отырған. Олар қағандыққа қарасты тайпаларды билеп төстеді және өз үлестеріне тиісті әскерді басқарды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті. Соғыс ашу немесе бітімге келу, шетелдік елшілерді қабылдау, құрылтай жиналысын шақыру, ру басшыларын тағайындау, алым-салықты қадағалау, т.б. Істермен айналысты[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. — Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3