Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы
ҰҚШҰ

ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері

Мүшелік:

 Армения
 Беларусь
 Қазақстан
 Қырғызстан
 Ресей
 Тәжікстан

Бірлескен штаб-пәтері:

Ресей Мәскеу

Ұйым түрі:

аймақтық халықаралық ұйым

Ресми тілі:

орыс тілі

Басшылары
Бас хатшысы

Қазақстан Иманғали Тасмағамбетов

Бірлескен штабтың бастығы

Ресей Анатолий Сидоров

Кеңес төрағасы

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрылуы
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қою

15 мамыр 1992

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың күшіне енуі

20 сәуір 1994

ҰҚШҰ құру туралы шартқа қол қою

7 қазан 2002

ҰҚШҰ құру туралы шарттың күшіне енуі

18 қыркүйек 2003

odkb-csto.org
Ортаққор логотипі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ортаққорда

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ҰҚШҰ (орыс. Организация Договора о коллективной безопасности, ОДКБ) — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанмен құрылды.

Кейіннен ҰҚК ұйымына Әзірбайжан, Беларусь және Грузия қосылды. Келісім 1994 жылы 20 сәуірде ратификация процесі аяқталғаннан кейін, 5 жыл мерзімге күшіне енді. Келісімді тағы 5 жылға ұзарту жөніндегі Хаттамаға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан президенттері 1999 жылы 2 сәуірде қол қойды.

Бұл Хаттамамен Келісімнің мерзімін өздігінен 5 жыл өткен сайын ұзартып отыру қарастырылған. Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан Келісімнің мерзімін ұзартпады.

Мүше-мемлекеттердің қызметіндегі басым бағыттар: жаңа трансұлттық айбаттар мен қауіптерге қарсы тұру; орын алып отырған немесе ықтимал аймақтық немесе шағын қақтығыстардың алдын алу, шешімін табу; халықаралық лаңкестікпен, агрессивті экстремизммен, қару мен есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, жаппай қырып-жою қаруын таратумен күрес.

2002 жылы ҰҚК Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Ұйымына өзгерді.[1]

Самиттер тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Күні Өткізу жері
1 15 мамыр 1992  Өзбекстан,Ташкент
2 6 маусым 1992  Ресей, Мәскеу
3 24 желтоқсан 1993  Түрікменстан, Ашхабад
4 10 ақпан 1994  Қазақстан, Алматы
5 25 мамыр 1995 Беларусь, Минск
6 3 қараша 1995  Ресей, Мәскеу
7 17 мамыр 1996  Ресей, Мәскеу
8 28 наурыз 1997  Ресей, Мәскеу
9 5 наурыз 1998  Ресей, Мәскеу
10 2 сәуір 1999  Ресей, Мәскеу
11 29 маусым 2000  Ресей, Мәскеу
12 25 мамыр 2001  Армения, Ереван
13 12 мамыр 2002  Ресей, Мәскеу
14 28 сәуір 2003  Тәжікстан, Душанбе
15 18 маусым 2004  Қазақстан, Астана
16 23 маусым 2005  Ресей, Мәскеу
17 23 маусым 2006  Беларусь, Минск
18 6 қазан 2007  Тәжікстан, Душанбе
19 5 қыркүйек 2008  Ресей, Мәскеу
20 4 ақпан 2009  Ресей, Мәскеу (Кезектен тыс саммит)
21 15 маусым 2009  Ресей, Мәскеу
22 10 желтоқсан 2010  Ресей, Мәскеу
23 12 тамыз 2011  Қазақстан, Астана
24 15 мамыр 2012  Ресей, Мәскеу
25 23 қыркүйек 2013  Ресей, Сочи
26 8 мамыр 2014  Ресей, Мәскеу
27 23 желтоқсан 2014  Ресей, Мәскеу
28 15 қыркүйек 2015  Тәжікстан, Душанбе
29 14 қазан 2016  Армения, Ереван
30 30 қараша 2017  Беларусь, Минск
31 23 мамыр 2018  Қазақстан, Астана
32 28 қараша 2019  Қырғызстан, Бішкек
33 2 желтоқсан 2020[2] Видеоконференция ретінде жүргізілді
34 16 қыркүйек 2021 Видеоконференция ретінде жүргізілді
35 10 қаңтар 2022[3] Видеоконференция ретінде жүргізілді
36 16 мамыр 2022  Ресей, Мәскеу
37 23 қараша 2022  Армения, Ереван
38 15 желтоқсан 2022  Ресей, Санкт-Петербург
ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшылары, сол жақтан оңға: Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон

ҰҚШҰ қазіргі мүше-мемлекеттері:

Мемлекет Ену күні
 Армения 15 мамыр 1992
 Беларусь 31 желтоқсан 1993
 Қазақстан 15 мамыр 1992
 Қырғызстан 15 мамыр 1992
 Ресей 15 мамыр 1992
 Тәжікстан 15 мамыр 1992

Парламенттік Ассамблеясының жанындағы бақылаушы мемлекеттер:

Бұрынғы мүше елдер:

Бас хатшылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Николай Николаевич Бордюжа (28 сәуір 2003 — 31 желтоқсан 2016), генерал-полковник;
  2. Валерий Анатольевич Семериков (м.а. 1 қаңтар 2017 — 13 сәуір 2017), генерал-полковник;
  3. Юрий Григорьевич Хачатуров (14 сәуір 2017 — 2 қараша 2018), генерал-полковник;
  4. Валерий Анатольевич Семериков (м.а. 1 қараша 2018 — 31 желтоқсан 2019), генерал-полковник;
  5. Станислав Васильевич Зась (1 қаңтар 2020 жыл — 23 қараша 2022), генерал-лейтенант.
  6. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (23 қараша 2022 бастап)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]