Барит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Барит

Барит[1], ауыр шпат – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: BaSО4, құрамына қоспа түрінде стронций мен кальций енеді. Стронций мөлшері көп болса, баритоцелестин деп аталады. Кристалдары тақтайша жалпақ, сирек призма немесе бағана пішінді болып келеді. Минералдық агрегаттары түйірлі массадан тұрады. Көбіне ақ, кейде әр түсті, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3 – 3,5, меншікті салмағы 4,3 – 4,7 г/см3. Гидротермаль кендер мен шөгінді жыныстарда кездеседі. Қазақстанда көп таралған (Бадам барит кені, т.б.). Резина, қағаз, химия өндірістерінде толықтырғыш ретінде пайдаланылады, бұрғылау ерітінділеріне қосылады.[2]

Барит[3] - Минерал ВаSO4. Минерал құрамындағы барий элементі стронциймен (баритоцелестин, целестобарит), қорғасынмен (хокутолит, англезиобарит), кальциймен (кальциобарит) алмасуы мүмкін. Түссіз болуы, ақ, сұрғылт, көкшіл түстерге боялуы ықтимал. Шыныша жалтырайды, қаттылығы 2,5-3,5. Меншікті салмағы 4,5 г/см3. Мұнай ұңғымаларын бұрғылауға керекті сазды ерітінділерді ауырлатңыш ретінде, лак, бояу, резина, қағаз, пластмасса дайындауға және барий элементін алуға пайдаланады.

Барит Барит кристалдары [4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
  2. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
  3. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.
  4. Қазақ Энциклопедиясы