Мазмұнға өту

Тямдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тямдар
чам
Бүкіл халықтың саны

500 000

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам  Камбоджа  Тайланд

Тілдері

вьетнам тілі

Діні

индуизм, ислам

Тям (чам) — Вьетнамдағы, Камбоджадағы және Тайландтағы халық. Жалпы саны 500 мың адам (2007). Вьетнамда тямның екі тобы бар: шығыс (Тхуань-хай провинциясы) және батыс (Анзанг және Тайнин провинциялары). Камбоджа тямдары Вьетнамнан келген иммигранттардың ұрпақтары.[1]

Тілі - Индонезия тобының тілі. Жазуы оңтүстік үнді графикасына негізделген(5 ғасырдан бастап). Вьетнам тілі де кеңінен таралған.[2]

10 ғ-дан бастап ислам діні тарай бастады. Қазіргі уақытта тямдардың үштен екісі индуистар, қалғандары мұсылмандар.[3][4]

II-ғасырда негізі қаланған Тям (Чам) өркениеті IX-ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті. Ол Вьетнамның орталық бөлігін Меконг атырауына дейін басқарды, ал оның иеліктері батысқа қарай қазіргі мемлекеттердің - Камбоджа мен Лаостың шекараларына дейін созылды. Тямдар (Чам) өжет теңізшілер ретінде белгілі болды. Чампа патшалығы халықаралық саудаға белсене араласты, бұл оған байлық пен ықпалды жинақтауға, сондай-ақ басқа аймақтық патшалықтармен, Оңтүстік Азиямен және Қытаймен байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

XII-XV ғасырларда Тям (Чам) өркениеті жойыла бастады. Уақыт өте келе оларды Вьетнам патшалары оңтүстікке, ал шығысқа Ангкор билеушілері ығыстырды. Вьетнамдағы Тям (Чам) өркениетінің қалдықтары қазір Орталық Вьетнамдағы Бинтхуан және Нинтхуан провинцияларында (Фхан Ранг маңында) және Камбоджа шекарасының бойында Тай Нинь және Чау Док провинцияларында шоғырланған.[5]

Бұрын тямдар тамаша теңізшілер болған, қазіргілері жағалау мен өзендерден балық аулаумен шектелген. Ауыл шаруашылығында және көлікте буйволдар пайдаланылады, тауық, үйрек, ешкі өсіріледі. Тямдардың кәсіптерінің бірі - жібек және мақта маталарын, өзіндік керамика жасау және саудамен айналысады.[6]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыста патриархат қатынастары мен көп әйел алу орын алса, батыста әйел отбасы басшысы болып табылады - туыстық қатынасты анасы қарастырады, ал мұра ұлға емес, қызына өтеді.

Вьетнамдағы Тям үйі

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тям ауылдары (300 үйге дейін) әдетте өзендердің бойында орналасқан. Үйлер жерде, дегенмен кейбір аудандарда төбесі тік бұрышты қадалы үйлер жиі кездеседі. Тұрғын үй 4-5 бөлмеден тұрады, олардың жартысы (тіпті көпшілігі) отбасының әйелдер бөлігіне жатады, ас үй мен қосалқы құрылыстар бөлек орналасады. Бұйымдардан үстел, сәкі, қолөнер бұйымдары (тоқыма станоктары), ыдыс-аяқтар, балық аулауға және аң аулауға арналған құралдар кіреді.[7]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әйелдер киімі - саронг, әдетте белге (ерлер үшін) немесе кеуденің ортасына (әйелдер үшін) оралған мақта матадан жасалған жолақ мата. Мата дененің астыңғы бөлігін, тобыққа дейін жауып, ұзын белдемшеге ұқсайды. Саронгтың үстінде жеңі бар тар халат киеді, ал әйелдер бос шаштарын жабу үшін тағы бір тақия киеді.[8]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азық-түліктері - күріш, көкөністер, балық және ет дәмдеуіштері.[9]

Тям фольклорында аңыздар, әйелдердің желпуіштепмен биі, ерлердің отпен биі маңызды орын алады.[10]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тямдар. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  2. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  3. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  4. Тями сөзінің мағынасы. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  5. Тямдар - Вьетнамның ерекше мұсылмандары. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  6. Камбоджа халықтары. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  7. Тям халқы. Тарих және қазіргі заман. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  8. Тямдар. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  9. Әлем халықтары/Тям. Тексерілді, 2 желтоқсан 2024.
  10. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 558. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.