Арал (қала)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Арал
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Облыстық маңызы бар қала

Облысы

Қызылорда облысы

Әкімі

Бауыржан Махатов (2016 жыл)[1]

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°48′ с. е. 61°40′ ш. б. / 46.800° с. е. 61.667° ш. б. / 46.800; 61.667 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°48′ с. е. 61°40′ ш. б. / 46.800° с. е. 61.667° ш. б. / 46.800; 61.667 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1905

Қала статусы

1938

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

36 955[2] адам (2023)

Этнохороним

аралдық

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 72433

Автомобиль коды

11

aralakimat.kz
 (қаз.) (орыс.)

Арал картада
Арал
Арал
Арал картада
Арал
Арал
 Басқа мағыналар үшін Арал (айрық) деген бетті қараңыз.
Аудандық мешіт
Арал көшелері
Арал теңізінің іздері.
Тәуелсіздік алаңы‎

Арал қаласыҚызылорда облысындағы аудан орталығы, қала, темір жол стансасы. Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы Үлкен Сарышығанақ қолтығында, шөл белдемінде орналасқан. Тұрғыны 36 955 адам (2023). Іргесі 1905 ж. “Алтықұдық” деп аталған кішкене қыстақ негізінде қаланған. Кеңес өкіметі орнағаннан соң жұмысшы поселкесіне, кейін қалаға айналды. А-да балық аулау флотилиясы, балық өңдеу комбинаты, кеме жөндеу, шыны жасау, май з-ттары, тігін ф-касы жұмыс істеді. Сондай-ақ т.ж. көлігінің жұмысын қамтамасыз ету және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары, орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, өлкетану мұражайы, аудандық аурухана, санэпидстанса, газет баспаханасы, қонақ үй, мейрамхана, қоғамдық тамақтандыру мекемелері бар. А. арқылы ОрынборТашкент т.ж. мен Қызылорда — Ақтөбе автомобиль жолы өтеді. Қала тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]

Арал ауданы 1929 жылы құрылған. Алғашқы кезде оның құрамына Қамыстыбас және Арал болыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап жұмысшы поселкесі қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы болып аталды. Ауданның орталығы Арал қаласы. Ауданда 2008 жылғы 1 қаңтарға 72145 адам тұрады. Оның 30622-сі Арал қаласының тұрғындары. Территориясы 52,2 км².

1921 жылы қазан төңкерісінің көсемі В. И. Ленин (В. Ульянов) Поволжье мен Ресейдің орталық аудандарындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына әйгілі үндеу-хатын жолдап, көмек беруді сұраған. Аралдықтар бұл Үндеуге жауап ретінде Ресейге 14 вагон балық жіберген. Болшевиктер партиясының көсемі В.И.Ленин аралдықтардың бұл игі ісін зор бағалап, токарлық станок Арал балықшыларына сыйға тартқан.

1930 жылдары ауданда 17 балық колхозы, 5 балық заводы, 20-дан астам мал колхозы ұйымдасқан. Аудан халқы Ұлы Отан соғысы уақытында де өшпес ерлік, асқақ рухтың үлгісін көрсетті. Ауданнан соғысқа 11 мыңнан астам адам кетіп, оның 6038 елге оралмай, майдан даласында қалды. 2005 жылы Арал боздақтарының рухына арналып аудан орталығының орталық алаңында Тағзым алаңы орнатылды.

Арал теңізі 1963 жылдардан бастап тартыла бастады. Арал теңізінің проблемасы жөнінде Алматы, Ташкент, Нөкіс, Қызылорда және Арал қалаларында мемлекетаралық деңгейде кеңестер өткізілді. Осының нәтижесінде құны 84,0 млн. АҚШ долларын құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы іске асып, жобаның І фазасы 2007 жылы аяқталды. Қазіргі таңда жобаның ІІ фазасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Бүгінгі таңда ауданда 51 мектеп, 1 аудандық, 1 қалалық мәдениет үйлері, 4 ауылдық мәдениет үйі, 25 ауылдық клуб, 2 демалыс кешені, 6 халықтық ұжымдар, 32 көпшілік кітапхана, 1 аудандық, 1 жүйке аурулар, 1 өкпе аурулар аруханалары мен 1 перзентхана, 1 медициналық жедел жәрдем стансасы, 8 жанұялық дәрігерлік емхана, 5 ауылдық аурухана және 28 басқа да емдеу мекемелері халыққа қызмет жасайды.[4]

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Арал ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Абсолюттық максимум, °C 5,8 17,8 29,2 33,9 38,3 44,6 44,8 44,4 41,0 32,6 24,7 10,3
Орташа максимум, °C −6,8 −5,5 3,9 17,9 26,0 32,3 34,2 32,4 25,1 15,1 4,1 −3,9
Орташа температура, °C −10,7 −9,9 −1 11,7 19,2 25,3 27,3 25,3 18,2 9,0 −0,1 −7,5
Орташа минимум, °C −14,5 −14,3 −5,9 5,4 12,3 18,3 20,4 18,3 11,2 3,0 −4,3 −11,1
Абсолюттық минимум, °C −33,9 −36,7 −27,1 −11,8 −1,5 6,3 10,9 6,9 −3,5 −13,6 −27 −31,8
Жауын-шашын нормасы, мм 11,5 9,5 15,1 13,9 15,2 14,9 8,2 5,0 6,4 13,4 14,5 12,0
Дерекнама: Арал ауа райы мен климаты

Аралда туғандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданнан екі Кеңес Одағының батыры, 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Аты əлемге əйгілі суретші, жұмыстары Еуропа мен басқа елдердің, белгілі мұражайларында тұрған, Қазақстан Суретшілер Одағының, Қазақстан Қолөнершілер Одағының мүшесі, суретші-зергер Құлмамбетов Құдайберген Тағжанұлының туған жері. Сонымен қатар, Арал ауданында мемлекеттік қайраткер Шапақ Артықбаев, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, жазушы-ақын Зейнолла Шүкіров, Қазақстан Республикасының тұңғыш Үкімет басшысы Ұзақбай Қараманов, ғалым-профессор Нажмадин Күнқожаев секілді бүкіл әлемге белгілі қайраткерлер дүниеге келген.

Арал қаласының құрметті тұрғындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арал теңізі – құмды, құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан. Ол – ертедегі Сармат теңізінің бір бөлігі.

Теңіздің 96 процентін су, 4 процентін жер құрайды. Арал жер шарының 60 градустық ендігінде орналасқан. Теңіз суы сағат тілі іспетті, оңнан солға қарай оралып ағады.

Кайназой дәуірінің орта шенінде, яғни бұдан 21 млн 1200 жыл бұрын, Арал каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұл байланыс 1573 жылға дейін созылған.

Арал шежіресі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Осы дәәуірдің 950 жылы Ибн-Рустемнің замандасы Масуди « Балық өзені келіп құятын Джейнухом (Амудария) Тармидь, Испиран сияқты бірнеше салаға бөлініп, бір тарауы Хорасанмен көп қамалға айырылатын Ховарезм (Қият) қаласының төменгі жағымен Джоуджания (көне Үргеніш) жиегінде тұрған көлге құяды» деп жазған. Ғалымның көл деп отырғаны қазіргі Арал теңізі.

Бұдан 1800 жылдай бұрын өмір сүрген атақты грек оқымыстысы Кландин Птоломей өзінің «Алмагест» (Ұлы құрылыс) деген шығармасында жер шарының 27 бөліктен тұратын картасын жасаған. Оның 22-картасында Арал теңізі мен Каспий теңізі бейнеленген. Мұнда Зарафшан, Амудария (Оксус) өзендерінің Каспийге құйып жатқандығы көрсетілген.

Бұдан 62 мың жыл бұрын Амудария Ферғананың сайы арқылы Тянь-Шань тауынан басталған. Осы кезде жиһанкез Марко Поло да бұған «Ион» деп ат берген. Ал, Сырдария (Яксарт) мен қазіргі Бұхара облысындағы Кулдик тауының шығысындағы сайдың ізімен аққан.

Арал теңізінің терістік бетіндегі Саршығанақ, Ақеспе тұсынан 80м тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді.

Мезозой дәуірінде мұхит түбінде өмір сүрген фораменифер деген жәндіктің сыртқы қабыршағынан пайда болатын бор Арал теңізінің терістік жағындағы Ақкісіден табылып отыр.

Б.з.б 138 жылы Қытай үкіметінің елшісі Чжан-Цянь өзінің жазбаларында «Кан-гюй мемлекеті жарлы, жиексіз үлкен теңіздің жағасында жатыр. Бұл терістік теңізі» деп жазған.

Арал теңізі осы атауды иеленгенге дейін түрліше аталған. Оны саяхатшылардың еңбектерінен жиі кездестіреміз. Мысалы; 865 жылы Ибн-Хордарбек «Күрдер» көлі десе, 943 жылғы Масуди «Күрджани», 961 жылы Истахди «Казбин», 1339 жылы Хафизи «Абдуда», ХІІІ ғасырда Бекрон «Джент» көлі деп жазған. Бүгінгі Арал теңізі деген атау негізінен ХVІІ ғасырдан бергі жерде берілген.

Сырдарияға дейін құятын өзендер жайлы бірінші толық мағлұматты 1664-1665 жылдары голландиялық Николай витсе жазған. Ол 1692 жылы жарыққа шыққан «Терістік және Түстік Татария» деген еңбегінде Валин (каспий) теңізінен Көк(Арал) теңізіне дейін 250км. Көк теңізге оңтүстіктен буен (Шу) өзені құйып жатады» деп жазған.

Арал теңізін саяхатшылар әр ғасырда картаға түсірумен болған. Атап айтсақ, 1658 жылы ағылшын Дженкинсон, 1664 жылы голландиялық Николай витсен, 1723 жылы Далилия, 1734 жылы Крылов, 1741 жылы Муравин, 1834 жылы Левшин. Теңіз табиғатын зерттеуде капитан Бутаков пен ұлы кобзарь Шевченко да көп еңбек сіңірген.

Бутаков бастаған экспедиция 1 ай бойы Райым қорғанында 2 кеме жасаған. Алғашқы кеменің капитаны Қаратеңіз морягі Мертового болды, екіншісінің құрамындағы 27 кісінің бірі – Тарас Шевченко.

1853 жылы Арал теңізінде тұңғыш рет пароход жүрді. Ол 1850 жылғы қазан айындағы патшалық Ресейдің заказы бойынша Швецияның Мотол қаласында 49 347 сомға жасалған.

1886 жылы Аралдың оңтүстік бетінде А.Никольскийдің, ал солтүстік жағындаакадемик Бергтің басқаруымен эксредиция ұйымдастырылып, балық байлығы жете зерттелді. Патшалық Ресей осы мол олжаны игеру мақсатында 1905 жылы темір жол құрылысын салды. Осыдан кейін Астраханьнан, Доннан, Қаратеңіз маңынан, Орталық ресейден жеке балық аулаушылар келе бастады. Лапшин, Риткин, Красильников, Макеев секілді саудагерлер ірі-ірі балық кәсіпшіліктерін ашып, «Хиуа» атты акционерлік қоғам құрды.

1913 жылы арал поселка атанған. Онда 1026 адам тұрған.

Поволжье халқының басына ауыр күн туғанда В.И.Ленин 1921 жылы 7 қазанда: Арал балықшыларына хат жолдап, ашыққандарға көмек көрсетуін өтінген. Бөгендіктер телеграмманы алысымен 24 сағаттың ішінде 14 вагон балық жөнелтті

Арал балық зерттеу станциясы 1920 жылдан жұмыс істей бастады

1925 жылы қазіргі Арал ауданында «Серіктестік» деген балық аулайтын ұйым құрылды. Ұйымның алтауы Арал жерінде, төртеуі Мойнақ маңында болды.

1928 жылы Арал теңізінің балықшыларының басын біріктіріп «Балықшылар одағы құрылды. Басқарма председателі болып патша заманында жер ауып келген Дон казагі Дубовик (1897-1945) сайланды.

1928 жылы Арал аудан орталығы болды. Сол жылы кеме жасау заводы салынды.

1930 жылы Қазақ ССС Жоғарғы Кеңесінің арнайы қаулысымен Арал қала аталды.

1930 жылдан бастап профессор М.И.Ильиннің басқаруымен Мойнақ пен Арал қаласында консерві заводы салына бастады. Ол жылына 6 миллионнан астам консерві шығарды.

1932 жылы Арал ауданында 173 тұз өндіретін трест ұйымдастырылды. Ол жыл сайын орта есеппен 262 мың тонна тұз өндірді.

Аралда 1920 жылдан бері сульфат өндіріліп келді.

1940 жылы профессор Г.В.Никольский Арал теңізіндегі балықтардың түрі мен олардың қандай тереңдікте жүретіндігі жөнінде арнайы карта жасалды. Сол жоба бойынша бекіре, жайын, ақбалық, шортан, сазан, тісті, шабақ, алабұға, қаяз, табан, торта, айнакөз, шомая ауланды.

Соғыс жалдарында Арал балықшылары 23 430 тонна сапалы балықты Отан қорғаушылар мен туысқан республикаларға жөнелтті.

1946 жылы Арал қаласында шыны заводы салынды.

Кезінде Арал портының пароходствосы арқылы Түрікменстанға баратын жүктің 25 проценті, Өзбекстанға жеткізілетін заттың 70 проценті тасылған.

1946 жылғы мәлімет бойынша Арал қаласында қазақ, орыс, азербайжан, неміс, латыш, поляк, молдаван, қалмақ, чуваш секілді 33 ұлттың өкілі тұрған.

1960 жылға дейін Арал қаласынан Нүкіс, Мойнақ, Шаржауға жолаушылар таситын кемелер жүріп тұрған.

1970 жылға дейін Арал теңізінде балықтың 34 түрі есепке алынған.[5]

Қала суреттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Aral (city)