Шу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Шу
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Жамбыл

Ауданы

Шу

Қалалық әкімдігі

Шу

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°35′ с. е. 73°45′ ш. б. / 43.583° с. е. 73.750° ш. б. / 43.583; 73.750 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°35′ с. е. 73°45′ ш. б. / 43.583° с. е. 73.750° ш. б. / 43.583; 73.750 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1960

Жер аумағы

24 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

45 447[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 72643

Автомобиль коды

08

Шу картада
Шу
Шу
Шу картада
Шу
Шу

ШуЖамбыл облысы Шу ауданындағы қала.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 8 км, облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 225 км жерде, Шу өзенінің сол жағында орналасқан.

Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
34999 36531 44814 122,7 17743 21647 122 18788 23167 123,3

Сөз төркіні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала Шу өзенінің құрметіне аталған, ал Шу (қыт. ) термині қытай тілінен аударғанда "су" дегенді білдіреді. Бірақ, Еркебай Қойшыбай бұл терминнің атауы түркілік рулардың бірі: шу, шуе, шуй, чуе этнонимінен алынған деп болжаған.[4]

Қала туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Іргесі 1928 жылы Түркістан – Сібір теміржолын салуға байланысты қаланған. Қала Мойынты – Шу теміржолы қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады. 1960 жылдан аудан, 1965 жылдан облыстық бағыныштағы қала болады. Қалада 1995 жылға дейін жөндеу-механика, темір-бетон, қант, сүт өнімдері, автокөлік және құрылыс орындары, баспахана, ауыл шаруашылық техника бірлестіктері болды. Олардың басым көпшілігінің атауы мен құзырлары өзгеріп, экономиканың әр түрлі бағытындағы кәсіпорындар мен мекемелерге айналды. Ірілері: “Шу тепловоз жөндеу зауыты”, “Шу механикалық жөндеу зауыты”, “Шу астық тарату базасы”, “Шатыркөл” мыс кен орны , “Қызыл бидай”, “Шу автокөлік кәсіпорны”, “Шу жолаушы автокөлік кәсіпорны” АҚ-тары және “Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны” ЖШС-і, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлардан басқа ауыл шаруашығы бағытта 28 шаруа қожалығы, 2 ЖШС және 1 агробірлестік бар.[5]

Білім беру және мәдениет орындарынан жалпы білім беретін 10 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 колледж, 6 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 стадион, мешіттер, т.б. мекемелер бар. Денсаулық сақтау орындарынан 1орталық қалалық аурухана, аумақтық емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және тіс емханасы жұмыс істейді.

Қала көріністерінен

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]