Ақсу
Бұл мақалада еш дереккөз келтірілмеген немесе дереккөздер жеткіліксіз. Дереккөз келтіру арқылы бұл мақаланың сапасын көтеруге көмек етіңіз. Еш дереккөзге негізделмеген мағлұмат жойылу мүмкін. |
Қала | |||||
Ақсу | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Облысы | |||||
Әкімі | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
52°02′ с. е. 76°55′ ш. б. / 52.033° с. е. 76.917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°02′ с. е. 76°55′ ш. б. / 52.033° с. е. 76.917° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Бұрынғы атаулары |
Глинка, Ермак | ||||
Қала статусы |
1961 | ||||
Жер аумағы |
20[1] км² | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
51 614[2] адам (2023) | ||||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (57,75 %) | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Автомобиль коды |
14 | ||||
Ақсу қаласының әкімдігі | |||||
Ақсу шекарасы
|
Ақсу (1993 дейін – Ермак) — Қазақстан Республикасы Павлодар облысындағы қала.
Географиялық орналасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс орталығы Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде, Ертістің сол жағалауында орналасқан. Қала мен оның ауыл өңірінің аумағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Аққулы, Баянауыл және Май аудандарымен, шығысында – Павлодар ауданымен, батысында – Екібастұз қалалық әкімдігімен шектеседі.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
45210 | ▲51866 | 114,7 | 20878 | ▲24545 | 117,6 | 24332 | ▲27321 | 112,3 |
Қала халқының ұлттық құрамы(2019 жылдың басына):
- қазақтар — 38 902 адам (55,48 %)
- орыстар — 23 080 адам (32,91 %)
- украиндар — 2 585 адам (3,69 %)
- немістер — 1 750 адам (2,50 %)
- татарлар — 1 247 адам (1,78 %)
- белорустар — 450 адам (0,64 %)
- молдавандар — 310 адам (0,44 %)
- әзірбайжандар — 273 адам (0,39 %)
- шешендер — 286 адам (0,41 %)
- басқа — 1 241 адам (1,77 %)
- Жалпы — 70 124 адам (100,00 %)
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Жолдың Ертіспен қиылысатын жерінде кемежай пайда болды, екі кент: әкімшілік және жұмысшы дами бастады. Көшіп келіп жатқан жұмысшылар жергілікті материалдардан: саз балшықтан, қамыстан және сабаннан өздеріне тұрғын үй сала бастады. Жаңа жүзжылдық басында № 5 қазақ ауылымен қатар Қызыл-Шырпы шатқалында Глинка деп аталатын саз балшықтан соғылған үйлерден кішкентай қоныс пайда болды.
Глинканың халқы біртіндеп, әсіресе қырғыз және сібір даласына келімсектер саулаған 1906 жылғы революциялық көтерілістерден кейін қарқынды ұлғая түсті.
1911 жылы жұмысшылр кентінің халқы 1000 адамға дейін өсті. 1913 жылы Глинка кентіне дала өлкесі губернаторының жарлығы бойынша Ермак аты берілді. Осылай Воскресенск кемежайы Глинка кентімен Ермак кенті болып ата бастады.
1917 жыл Ермакқа жаңа тәртіптер әкелді. Ермактағы жағысжай жанындағы алаңда айуандықпен өлтірілген Екібастұз Халық шаруашылығы кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович бандылардың құрбаны болды.
Ермакта Кеңес өкіметі Павлодар халық комиссарлары кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін 1919 жылдың қарашасында орнады. 1922 жылға дейін Павлодар уезінің болыс орталығы болды, санаққа сәйкес кентте 1289 адам тұрды, 1938 жылы Ермак ауылы орталығы бола отырып, Каганович ауданы құрылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен Ермак кентіне қала мәртебесі берілді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы ТН № 2189-ХІІ Қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы болып қайта аталды.
Өнеркәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүгінгі Ақсу — бұл Павлодар облысындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты қала. Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен ЕЭК ААҚ электр станциясы құрайды. 1960 жылдан бастап электр станциясының құрылысы басталды, оның бірінші директоры Новик Владимир Михайлович болды. 1968 жылғы 17 желтоқсанда ГРЭСте қуаттылығы 300 мегаватт алғашқы энергоблогы пайдалануға берілді және бірінші өнеркәсіптік ток берілді.
1996 жылғы желтоқсанда кәсіпорын Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ашық акционерлік қоғамына қайта құрылды.
Қала энергетиктерімен 2001 жылдың басынан бастап 5.580.7 миллион киловатт сағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді.
1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік объектілерінің құрылысы басталды. 1968 жылы қаңтарда зауытта ферроқорытпалардың бірінші тоннасы балқытылды, ал 1970 жылы шілдеде 8 қорыту пеші бар № 2 цехты іске қосу аяқталды. Ермак ферроқорытпа зауытының бірінші директоры болыпТопильский Петр Васильевич тағайындалды. 1995 жылы кәсіпорын Қазхром Трансұлттық корпорациясының құрамына кірді. Осы кәсіпорындармен келесі әлеуметтік объектілер: дене шынықтыру-сауықтыру кешені, профилактория, жүзу һәуізі, демалыс үйі, емдеу-сауықтыру орталығы сақталып қалды, содан басқа Баянауылда демалыс үйлері: Факел және Жасыбай сатып алынды. Қаланың ірі кәсіпорындары:
- Қалалық су арнасы ААҚ,
- Теловик ААҚ,
- Ақсу электр желілері ААҚ,
- Тұрмыс ЖАҚ коммуналдық шаруашылығы,
- Ақсу ЖАКК ААҚ,
- Ақсу нан зауыты ААҚ, Қалааралық және қала маңындағы тасымалдаулар ЖАҚ,
- Парус фирмасы ЖШС.
Қалада 900-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олардың ішінде неғұрлым ірілері:
- Қалқаман элеваторы АҚ,
- Павлодар құс фабрикасы ЖШС,
- Выбор ЖШС және т.б.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 500 млн. теңгеден жоғары сомаға тауарлар мен қызмет көрсетулер жүргізетін 3835 адам еңбек етуде. Біздің қаламыздың маңызды стратегиялық объектісі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды арнасы болып табылады. Ертіс-Қарағанды арнасы — Қазақстанның орталық және солтүстік бөліктеріне ауыз суды негізгі жеткізуші.
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала үшін біздің қаланы ҚР солтүстік және оңтүстік бөлігімен байланыстыратынАқсу-Дегелең темір жол желісі ашылуына арналған салтанатты митингке ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуы тарихи оқиға болып қалды. Ал ТЖ жағысжайының қалпына келтірілген ғимараты — біздің қаламыздың ең жарқын көрікті жерлерінің бірі.
Діни және білім берушілік өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалада 6 діни бірлестігі, соның ішінде мешіт, православ шіркеуі, христиан-адвентистер жетінші күнінің шіркеуі, евангель христиан-баптистерінің қауымы жұмыс істейді.
Ақсу қаласының білім беру саласында 50 мекеме: 27 мектеп (3 орталау), № 3 кәсіптік лицей, № 19 кәсіптік-техникалық лицей, қазақ гимназиясы, мектеп-лицей, 11 бастауыш шағын комплектілі мектеп; 3 мектептен тыс мекеме: Балалар шығармашылық үйі, өнер мектебі, жас натуралистер станциясы; 6 мектепке дейінгі мекеме; құқықтық, өндірістік және мәдени қызмет салаларында мамандарды дайындау бойынша күндізгі және сырттай оқытатын Жаяу Мұса колледжі; Павлодар мемлекеттік емес университетінің филиалы жұмыс істейді.
Қала тұрғындарының демалатын орны мәдениет және демалыс саябағы, Мәдениет үйі, ауылдық елді мекендердегі мәдени-бос уақыт орталықтары болып табылады.
Қала тұрғындарының қызметіне қалада 78 мың данадан астам кітап қоры бар, селолық округ кітапханаларымен модемдік байланыс жасайтын орталықтандырылған кітапхана жұмыс істейді. 2000 жылы біздің кітапханаға облыста алғашқылардың бірі болып электр поштасы арқылы халыққа қызмет көрсету бойынша электронды жүйе енгізілді.
Денсаулық және спорт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаланың денсаулық сақтау құрылымына Ақсу орталық ауруханасы, Қалқаман ауылындағы ауылдық аурухана, туберкулезге қарсы диспансер, жедел жәрдем станциясы, 11 ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулатория кіреді, соның ішінде біреу жекеше.
Ақсу — спортшылар қаласы. Қалада дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Қала тұрғындарының қызметіне жүзу һәуізі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 5000 орынға арналған стадион, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, қаланың шағын аудандарында және ауыл өңірінде спорт алаңдары бар.
Әйгілі тумалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иван Илларионович Кривенко - танкист, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945), Павлодар қаласының құрметті азаматы.
Қызықты деректер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2016 жылғы зерттеу мәліметі бойынша Ақсу қаласы Қазақстандағы ауасы ең таза қала болып шықты[5].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Аксу жерінің аумағын табуға қолданылған тәсілі. Дереккөздің қолданылған уақыты: 8 маусымның 2024 Мұрағатталған 7 маусымның 2024 жылы.
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Қазақстанның ауасы ең қатты ластанған қалаларының тізімі жасалды.
|
|
|
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Aksu |