Текелі
Қала | |||
Текелі | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Облысы | |||
Әкімі |
Әділ Алмас Ғабдолұлы[1] | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
44°50′ с. е. 78°49′ ш. б. / 44.833° с. е. 78.817° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°50′ с. е. 78°49′ ш. б. / 44.833° с. е. 78.817° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1937 | ||
Қала статусы |
1952 | ||
Жер аумағы |
174 км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
30 317[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 57,52 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 72835 | ||
Автомобиль коды |
19 | ||
Текелі қаласының әкімдігі | |||
Текелі шекарасы
|
Текелі — Қазақстан Республикасы, Жетісу облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан).
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
26062 | ▲29253 | 112,2 | 12292 | ▲13339 | 108,5 | 13770 | ▲15914 | 115,6 |
Текелі қаласының басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ?
- Әжіғұлов Қанатбек Бәзілжанұлы
- ?
- Бескемпіров Серікжан Исламұлы (27.09.2005 — 25.01.2012 лауазымынан босатылды);[5].
- Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы (25.01.2012 — 27.06.2013 лауазымынан босатылды)[6].
- Қайнарбеков Талғат Қанатоұлы (27.06.2013 — 09.11.2016 лауазымынан босатылды)[7].
- Өнербаев Бақтияр Алтайұлы (09.11.2016 — 21.09.2020 отставкаға өтініш берді)[8].
- Молдахметов Батыр Қаиркенұлы (21.09.2020 — 05.09.2022 лауазымынан босатылды)[9].
- Әділ Алмас Ғабдолұлы (05.09.2022)
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1911 жылы іргесі қаланып, 1927 жылы кент дәрежесіне көтерілді.
- 1933 жылы инженер-геологтар М. Юдичев пен М. Қаділбековтің зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің оң жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кендері табылды.
- 1937 жылы Текелі қорғасын-мырыш басқармасының құрылысы басталып, 1942 жылы қорғасын-мырыш комбинаты құрылды.
- 1939 жылы емхана салынды, 1941 жылы бірінші орта мектеп ашылды.
- 1942 жылы Жоңғар тауларының етегінде Текелі қорғасын-мырыш комбинаты және оның жанында жұмыс поселкісі құрылды. Кәсіпорын Текелі, Көксу және Тұйық кен орындарын өндірді. Екінші дүние жүзілік соғыс уақытында соғыс кезіндегі атылған оқтың әрбір сегізіншісі осы комбинатта жасалды. [10]
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Текелінің климаты континенттік, қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы −11-13С, шілденікі — 20-22С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 650-1900 мм. Қаланың маңында, Қора өзеңінің шатқалында биіктігі 90 метр болатын Бұрқанбұлақ атты сарқырама бар.
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалаға жақын әсем тау шатқалдарында Жетісубақа тісі (тритон), марал, таутеке, елік, қоңыр аю, борсық, күзен, суыр, түлкі, қасқыр, тиін, сілеусін, қоян, жабайы шошқа, т.б. аңдар кездеседі. Сондай-ақ, мұнда шырша, қайың, терек, тал, көктерек, қарағай, алма ағашы, т.б. жалпақ жапырақты орман қалыптасқан. [11][12]
Қаланың көрнекі орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Текелі қаласында бірнеше көрнекі жерлер бар, атап айтқанда:
- Дінмұхамед Қонаев атындағы ұзындығы 38 км болатын көше. Ресми түрде Қазақстанның ең ұзын көшесі болып саналады.
- «Келіншектас», "Будда тасы - Қазақстан аумағындағы көне будда ескерткіші.
- "Бұрханбұлақ" - Қазақстанның ең үлкен су сарқырамасы, Текелі қаласынан жоғары Қора өзені шатқалының етегінде орналасқан.
- Үш өзен қосылатын қаланың орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш-тас (1941—1945 жж.)
Сыртқы сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды (5 қыркүйек 2022).
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Алматинская Область. 27 сентября. КазИнформ /Камилла Омарова/ — Сегодня аким Алматинской области Серик Умбетов представил активу Панфиловского района нового руководителя района, передает корреспондент Казинформа.
- ↑ Каныбек НАЗНАЧЕНИЕ www.zhetysu-gov.kz, 25 января Распоряжением акима области А.Мусаханова на должность заместителя акима Алматинской области назначен Бигельдиев Махаббат Садуакасович
- ↑ Кайнарбеков Талгат Канатович (персональная справка)
- ↑ Назначен новый аким Текели
- ↑ Батыр Молдахметов стал акимом Текели
- ↑ https://voxpopuli.kz/malenkaya-rodina-tekeli-13303/ Мұрағатталған 3 тамыздың 2023 жылы.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- ↑ «Жетісу энциклопедиясы». «Арыс» баспасы. Алматы. 2004
|
|