Тайынша
Қала | |
Тайынша | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
53°50′52″ с. е. 69°45′50″ ш. б. / 53.84778° с. е. 69.76389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°50′52″ с. е. 69°45′50″ ш. б. / 53.84778° с. е. 69.76389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Бұрынғы атаулары |
Красноармейск |
Қала статусы |
1962 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
13 065[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71536 |
Пошта индексі |
151000 |
Автомобиль коды |
15 |
Тайынша шекарасы
|
Тайынша — Қазақстандағы қала (1960 жылдан). Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының әкімшілік орталығы (1932 жылдан), темір жол торабы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс орталығы – Петропавл қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде, Шағалалы өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 13233 адам (6433 ер адам және 6800 әйел адам) болса, 2009 жылы 12418 адамды (5915 ер адам және 6503 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1997 жылға дейін Красноармейск қаласы деп аталды және бұрынғы Көкшетау облысы Красноармейск ауданының әкімшілік орталығы болды. 1996 жылға дейін Тайыншада жөндеу-механикалық, сүт-нан зауыттары, құрылыс материалдары мен құрылымдық комбинат, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жиһаз фабрикасы, т.б. болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олардың барлығы жекешелендіріліп, АҚ-тар мен ЖШС-терге біріктірілді. 2006 жылы биоэтанол өндіретін кешен «Биохим» ашылған.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тайыншада жалпы білім беретін 5 мектеп, кәсіптік-техникалық лицей, кинотеатр, мәдениет үйі, аудандық аурухана, туберкулез ауруханасы, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нышандар жұмыс істейді. Тайынша арқылы Көкшетау – Петропавл темір жолы өтеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|